«Ел президенті 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарымен сайланады. Сайлау науқанында 10 мыңға тарта сайлау комиссиялары жұмыс істейді. Бұлар: Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары және учаскелік сайлау комиссиялары», — деді ол.
Оның атап өтуінше, 26 ақпаннан бүгінгі күнге дейін президенттікке кандидаттарды ұсыну жүргізілді. Кандидаттарды саяси партиялар ұсына алады және азаматтардың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар. Осы сәтке дейін 26 азамат президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Олардың екеуін саяси партиялар ұсынса, 24-і өзін-өзі ұсынып отыр.
«Осы 26 адамның ішінде 10 адамға президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды. Олардың ішінде 2 адам жасы 40-қа толмауына және 8 адам лингвистикалық комиссия сынынан өте алмауына байланысты тіркелмеді. Үш үміткер лингвистикалық комиссияның емтиханына келеді және бір адам өзінің өтінішін қайтып алды. 5 үміткер лингвистикалық комиссиядан, басқа да тексерулерден өтіп, ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» заңына сәйкес деп танылды. Оларға қол қою парақтары берілді», — деді Л.Сүлеймен.