Жекелей айтсақ, «Нұр Отан» бұл жолы да 127 кандидат ұсынып отыр. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 19, Қазақстан коммунистік халық партиясы 22 және «Ақ жол» демократиялық партиясы 35 адамнан тұратын тізімін тапсырған. Ал барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына келер болсақ, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының азаматтары белсенділік танытуда. Аталған аймақтарда өз-өздерін ұсынып жатқандар көп екен. Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: — Республикада мәслихат депутаттығына 2865 үміткер ұсынылып отыр. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы мәслихаттығына 324, аудандық мәслихаттарға 2015 адам, қалалық мәслихаттарға 526 адам ұсынылды ұсынылды. Айта кететін мәселе, үміткерлердің басымы өзінөзі ұсынған азаматтар болып отыр.