ҚР ОСК Президент сайлауына 13 шетелдік байқаушыны аккредиттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ОСК Президент сайлауына 13 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

ҚР ОСК Президент сайлауына 13 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Президент сайлауына бірқатар шетелдік байқаушыны тіркеу туралы қаулы қабылданды.

  • 20 Наурыз 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің назарларыңызға 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі ұсынылып отыр. 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ұсынылған тізімдегі шет мемлекеттердің байқаушыларын ҚР Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеп, шетелдік байқаушыларға сәйкесінше куәлік берілсін», — деді қаулы жобасымен таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

ҚР ОСК мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Президент сайлауын байқаушы ретінде Германиядан, Грузия мен Израильден екі-екіден, Нидерланды корольдігі мен Хорватия Республикасынан үш-үштен және Эстониядан 1 өкіл аккредиттелді.


«Бұл тек басы ғана. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының барысын байқауға қатысатын халықаралық байқаушылардың саны бұдан әрі арта бермек, өйткені сайлау науқанына қызығушылық жоғары», — деді Т.Охлопкова.