ҚР ОСК Серік Мұқашты президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ОСК Серік Мұқашты президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты

ҚР ОСК Серік Мұқашты президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Серік Мұқашты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасы қаралды.

  • 16 Наурыз 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің назарларыңызға ҚР Президенттігіне кандидат Серік Тасқараұлы Мұқашты кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасын ұсынамын. Серік Тасқараұлы Мұқаш тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы. 1950  жылы туған. ҚР Президенттігіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 15 наурыздағы 16-шы қорытындысы бойынша, Серік Тасқараұлы Мұқаш мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. Осының негізінде Серік Тасқараұлы Мұқаш ҚР Конституциясына және «Сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес емес деп белгіленсін. Серік Тасқараұлы Мұқашты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартылсын», — деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.