Жарияланды: 460

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Ливан премьер-министрімен жүздесті

Бүгін, 28-тамызда Алматыда ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай мен Ливан премьер-министрі Рафик Аль-Хариридің кездесуі өтті. Онда екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері сарапқа салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, бүгін Алматыда ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Пәкістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дюррей Шахвар Курейшимен жүздесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде пікір алмасты. Д.Курейши мырзаның пікірінше, Пәкістан жағы екі елдің парламентаралық қарым-қатынасына айрықша мән береді. Екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамытудың қажеттігіне де елші мырза тоқталып өтті. Сондай-ақ, елші мен мәжіліс төрағасы екі мемлекеттің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім аясындағы ынтымақтастық мәселесін де сарапқа салды. Әсіресе Карачи қаласындағы теңіз айлағының ашылуына және оның айрықша маңызына байланысты көлік және коммуникация саласындағы екі жақты қарым-қатынас тақырыбына да баса назар аударылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть