ҚР премьер-министрі бизнес-қауымдастықтарды экологиялық жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі бизнес-қауымдастықтарды экологиялық жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақыруда

ҚР премьер-министрі бизнес-қауымдастықтарды экологиялық жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақыруда

Астана. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бизнес-қауымдастықтарды экологиялық жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақыруда. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Экологиялық жобалар Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компания беделіне игі әсер ететін маңызды элемент болатынына сенімдімін. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың өзіндік жәреңкесін өткізу қажеттілігі туған сияқты. Оған бизнесмендер де қатысқаны дұрыс», — деді К. Мәсімов.

Премьер-министр «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы аясында жобалар қарастырылып жатқанын еске салды. Оның айтуынша, Осы бағдарламаға қатысуға үміткерлер бірінші кезекте жобаларының экологиялық жағына баса назар аударулары керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті