Бұл туралы украиналық министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Киевке сенбі күні өткен Украина Президенті Петро Порошенконы ұлықтау рәсіміне қазақстандық делегацияны басқарып келген.
«Екі елдің мемлекет басшылары жақын арада экономикалық ынтымақтастық жөнінде біріккен мемлекетаралық қазақстандық-украиндық комиссияның кезекті отырысын өткізу туралы өзара келісімге келді. Бұл шарада бірқатар перспективалы екіжақты жобалар, атап айтқанда, ғарыш саласындағы жобалар болашағы қарастырылмақ», — делінген хабарламада.
Кездесу барысында Яценюк Қазақстан мен Украинаның арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Украина үшін Қазақстан нарығы маңызды.
Сондай-ақ ол Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы себепті екіжақты сауда-саттықтың өзара тиімді жолдарын табу қажеттігін баса айтты.