ҚР Президенті әкімдерден халыққа шындықты айтуды талап етті
![]() |
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерден халыққа шындықты айтуды талап етті. |
«Бұл қиын кезең баршамыз үшін тыныш өтуі тиіс. Мен уәде бергенімдей, ашық айтамын. Барлығына қиын болатыны анық. Мен ешқашан да алдауға тырыспаймын. Сіздер де адамдармен тура және ашық сөйлесіңіздер. Барша қиындықты бірге еңсереміз. Халқымыз қамтамасыз етілуі үшін мемлекет барлық қажетті жұмыстарды жасап жатқандығын түсіндіріңіздер»,-деді Елбасы Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде әкімдерге қаратып айтқан сөзінде.
Осы орайда Президент ең бастысы халықта азық-түлік, киім-кешек, баспанасы мен оны жылытуға арналған отыны бар екенін айта келе, «Бізде тыныш өмір сүріп, еңбек ету үшін барлық мүмкіндік бар. Ал батыстық киім және басқа да дүниелерсіз де өмір сүруге болады. Сонымен қатар «Ланкузер» секілді үлкен көліктерсіз де күн көруге мүмкіндік бар»,-деп тоқталды Мемлекет басшысы.
Мұнымен қоса Н. Назарбаев қазіргі кезеңде отандық тауар өндірушілердің алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығын қадап айтты. «Негізгі тірек - ол сіздер. Осы орайда сіздерге халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Сонда халық тыныш әрі тоқ болады»,-деді Президент негізгі астық өсіретін өңірлердің әкімдерімен кеңейтілген кеңес барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қарата айтқан сөзінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін