ҚР Президенті: Әлеуметтік желілер - қоғамдық пікірталастардың маңызды алаңы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті: Әлеуметтік желілер - қоғамдық пікірталастардың маңызды алаңы

ҚР Президенті: Әлеуметтік желілер - қоғамдық пікірталастардың маңызды алаңы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілер қоғамдық пікірталастардың маңызды алаңы деп санайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Құрметті достар! Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Ақорда аккаунтына жазылушылар саны 10 мыңнан асқанын қуана хабарлаймыз. Біздің жарияланымдарымызды оқып, пікір қалдырып, парақшаны жетілдіруге өз ұсыныстарын берген баршаңызға алғыс айтамыз. Сіздермен кері байланыс арқылы ғана жұмыстарымызды жақсарта аламыз.

Уақытының тығыздығына қарамастан, Мемлекет басшысы қоғамдық пікірталас үшін маңызды алаң ретінде   әлеуметтік желілердің негізгі трендтері жайынан жақсы хабардар», — деп жазды Д.Абаев.