ҚР Президенті: Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті: Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет

ҚР Президенті: Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет

Мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет.

  • 16 Тамыз 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де білім берген ұстаздарының ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Менде бүгін сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын», — деген Мемлекет басшысы ең алдымен білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласын білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мұғалімдердің еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқандарын баса айтты.


«Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын тең» деп ұлы Абай айтқандай ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалім тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет«, — деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар