ҚР СІМ басшысы мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының кеңес төрағасы келіссөздер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ басшысы мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының кеңес төрағасы келіссөздер өткізді

ҚР СІМ басшысы мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының кеңес төрағасы келіссөздер өткізді

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ричард Холбрук "Қазақстан: Еуразия кіндігіндегі сауда және инвестиция" атты халықаралық конференцияға дайындық жайын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Маусым 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында тараптар конференцияға дайындық мәселесін талқылады. Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан экономикасын әртатараптандырудың жаңа жолдарын іздестіру, экономиканың өсе түсуі үшін елдің инфрақұрылымын дамыту, республиканың инвестициялық жағдайын жақсарту болып табылады», — деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

«Қазақстан: Еуразия кіндігіндегі сауда және инвестиция» атты ІІ халықаралық бизнес конференциясы Астана қаласында маусымның 13-14 жұлдызында өтеді. Оны ҚР үкіметінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырып отырған «Азиялық қоғамдастық» пен «Келешек» қоры.

«Азиялық қоғамдастық» — Америкалық коммерциялық емес білім беру ұйымы. Мақсаты — АҚШ мен Азия-Тынық мұхит аймағының арасындағы өзара түсіністікке ықпал етіп, байланыстарды орнату болып табылады», — деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті