Жарияланды: 390

ҚР СІМ басшысы миссиясын аяқтаған Италия елшісіне құрмет грамотасын табыс етті

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздегі миссиясын аяқтаған Италия елшісі Бруно Антонио Паскуиноға құрмет грамотасын табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

«ҚР құрмет грамотасымен марапаттау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевүстіміздегі жылдың 30 мамырында қол қойды. Елімізде 4,5 жыл жұмыс істеген Италия дипломаты екі елдің арасындағы достықты нығайтуға, қазақстан-итальяндық ынтымақтастыққа қосқан елеулі үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталады», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. Сол күні қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы 7-ші ДИЭФ-ке қатысуға келген Ливан парламентінің депутаты, осы елдің бұрынғы премьер-министрі Фуад Сеньорені қабылдады. «Тараптар мемлекеттің 20 жылдығында және Қазақстанның ИКҰ СІМ кеңесіне төрағалығы қарсаңында Астанада «исламдық Давостың» өтуінің маңыздылығын атап көрсетті», - делінген ақпаратта. Олар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Таяу Шығыс мен Солтүстік Африкадағы жағдайға тоқталған ҚР СІМ басшысы Қазақстан ИКҰ төрағасы қызметінде араб елдеріне тұрақтылық жолында қолдау көрсетуге, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бар күшін салатыны атап көрсетті, - делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін