Тіркеушілер республикамыздағы елді мекендер мен тұрғын үйлердің тізімін жасауға кірісті. Тұрғын жайларды алдын-ала тіркеу халық санағы өтетін елді мекендерді аудандарға бөлу үшін және аумақтардағы субъектілердің барлығын қамту мақсатында жүргізілмек. Статистика агенттігі арнайы оқытылған 9531 тіркеуші 24-қазанға дейін өңірлердегі барлық тұрғын үйлерді аралап шығатынын хабарлады. Соның нәтижесінде 2009 жылы ақпан-наурыз айларында өтетін Ұлттық халық санағына нақтыланған тізім дайындалады. Тұрғындардың есігін қағатын тіркеушілерде арнайы куәлігі, бейджі мен киімі болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті