ҚР сыртқы істер министрі АҚШ сенаторы Р.Лугарға 1-дәрежелі "Достық" орденін табыс етті
Бүгін, 18-тамызда ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев елімізде ресми сапармен жүрген АҚШ сенаторы Р.Лугарға 1-дәрежелі "Достық" орденін табыс етті. Мұндай марапат сенаторға "халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларды жою саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін" беріліп отыр. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау орталығынан |
таратылған хабарламада айтылған.
Р.Лугар АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі беделді комитетін басқарады. Сыртқы саясат саласында шетелдік мемлекеттерге, соның ішінде бұрынғы Кеңестік Республикаларға АҚШ тарапынан қаржылық көмек көрсетуді сақтап қалу принципін ұстанады. Ол бұрынғы Кеңес Одағындағы статегиялық қаруларды жою жөніндегі Нанн-Лугар заңының тең құқылы авторы ретінде белгілі. Қауіп-қатерді өзара бірлесіп азайту жөніндегі бағдарлама аясында Қазақстанда бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін