Жарияланды: 350

ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілінің өліміне апарып соққан Бағдадтағы лаңкестік әрекетті айыптады

ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Ирактағы арнаулы өкілі Сержио Виейра ди Мелудің өліміне апарып соққан Бағдадтағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан таратылған хабарламада айтылған.

Қазақстан сыртқы саясат мекемесі басшысының атап көрсеткеніндей, "осынау қанқұйлы әрекет Ирак халқына соғыстың ауыр зардаптарын жеңіп шығуға қол ұшын беріп, Иракты қалпына келтіруге белсене күш салып отырған БҰҰ-на қарсы бағытталған" . Сондай-ақ, хабарламада Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға, елді қайтадан жаңғыртуға бағытталған БҰҰ-ның жетекшілік ролін Қазақстан дәйекті қолдайды деп атап көрсетілген. Қ.Тоқаев Сержио Виейра ди Мелудің отбасы, туыс-туғандарына, сондай-ақ, Ирактағы БҰҰ миссиясының өкілдеріне көңіл айтты. Сонымен бірге, ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннаның атына көңіл айтып жеделхат жолдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін