ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысына барады

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысына барады

Бүгін , 18- шілдеде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысына барады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Шiлде 2003
  • 490
Фото - Caravan.kz

Бұл Даниал Ахметовтың үкімет басшысы ретінде облысқа алғаш келуі.

Сапар барысында үкімет басшысы сонау 1980-жылы ірге тасы қаланып, бүгінде қайта жаңғырған пластмасса зауытын аралайды,- делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінен таратылған баспасөз баянында.
Даниал Ахметов «Ақтау теңіз айлағы» Арнаулы экономикалық аймағының тыныс-тіршілігімен танысады. Онда мұнайгаз құбырлары мен әйнекталшықты құбырлар өндіретін зауыттар салынады деп межеленгені белгілі.
Үкімет басшысы сондай-ақ, аумағында металл құрылғылар өндіретін зауыт («KEPPEL KAZAKHSTAN» ЖШС) салынып жатқан Ақтау теңіз айлағын да аралауды жоспарлап отыр.
Д.Ахметов теңіз айлағы әкімшілігінің ғимаратында жұмыс бабындағы мәслихат өткізеді. Бұдан соң үкімет басшысы республикалық және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарына арналған қысқаша баспасөз мәслихатында журналистер сауалына жауап береді.