ҚР үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысын аралайды
9-тамыз сенбі күні ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алматы облысын аралайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Үкімет басшысы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ең ірі шекаралық өткелектер болып табылатын Достық-Алашанькоу және Қорғас кеден бекеттерін аралайды деп күтілуде. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үкімет басшысы сапарының басты мақсаты - шекаралық елді мекендердегі экономикалық ахуалмен және Қытаймен екі арадағы сауда-саттықтың даму жағдайымен танысу болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін