Жарияланды: 900

ҚР үкіметі 2005-2007-жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясат бағдарламасын жалпылама мақұлдады

ҚР үкіметі 2005-2007-жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясат бағдарламасын жалпылама мақұлдады. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Бағдарламаны таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, құжаттың басты мақсаты "мемлекет шығындарының тиімділігі мен нәтижесін арттыру, мемлекет функцияларын толық көлемде орындау, экономиканың шикізаттан басқа саласына инвестиция тартуға жағдай жасау, бюджетті жоспарлау және оны орындау барысын жетілдіру, мемлекеттік қарыздың Жалпы ішкі өнімге шаққандағы көрсеткішін азайту тәрізді негізгі мақсаттарды шешу арқылы тұрақты экономикалық дамуға және халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал жасау" болмақ. Қ.Келімбетовтың айтуынша, министрлік алдында орта мерзімді салық саясаты саласында инвестициялық салық преференциясы түрлерін дамыту арқылы ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялы өндірістерді дамытуды ынталандыру, экономиканың шикізаттан басқа салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсаты тұр. Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге фискалдық саясат бағдарламасын бір айда жасап, орындай бастауды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін