Соның нәтижесінде банк акционерлерінің бірі болып табылатын үкіметтің үлесі 75%-тен 80,1%-ке дейін артты. «Қазақстан даму банкі туралы» заңға 2003-жылдың маусымында енгізілген өзгертулерге сәйкес жоғарыдағы үлес өзгерісі заңға қайшы келмейді дейді банк өкілдері.
Банкте атап көрсеткеніндей, еліміздегі ең ірі даму институттарының бірі болып табылатын Қазақстан даму банкінің капитал көлемінің ұлғаюы — оның қаржылық тұрақтылығын нығайтып, инвесторлар алдындағы беделін арттырып қана қоймай, банкке несиеге беру мақсатында тиімді алғы шартпен қаржылық ресурстар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, банк капиталының артуы- ірі инвестициялық жобаларды, соның ішінде инфрақұрылымдық сипаттағы ауқымды жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін арттырмақ.
Қазақстан даму банкін одан әрі нығайту шарасы Елбасының 2004-жылғы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілген даму институтттарын құру жөніндегі тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылып отыр.