Жарияланды: 690

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан мемлекеттік даму банкіне қаржылық агенттік деген мәртебе берді

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстан даму банкі" ЖАҚ-на қаржылық агенттік деген мәртебе берді,- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бағалы қағаздар рыногіне арналған жаңа қаржылық құрал- агенттік облигацияларының концепциясын жасау жұмысымен Қазастан даму банкі бір жыл бойы айналысқан. Концепция Елбасының Қазақстан халқына арнаған "2004-жылғы ішкі және сыртқы саясаттың басым бағыттары" жөніндегі жолдауында көрсетілген саясатқа толыққанды сәйкеседі. 2003-жылдың 2-шілдесінде жарық көрген "Бағалы қағаздар туралы" заңда атап көрсету бойынша, қаржылық агенттік дегеніміз- Қазақстан заңдарына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға уәкілетті және осы мақсатта Қазақстанның қаржылық рыногі мен халықаралық қаржылық рыноктан несиелер алып жекелеген банкілік операцияларды жүзеге асыратын банк немесе ұйым болып табылады. Қаржылық агенттіктің ел ішіне және шетелдерге шығаратын облигациялары агенттік облигациялары болып саналады. Республикалық салық заңдарына сәйкес агенттік облигацияларымен жүргізген операциялардан түскен пайда кіріс салығынан және кіріс көзінің жанындағы салықтан босатылады. Бұл жағдаят облигация иелерінің Қазастан даму банкінің агенттік облигацияларына деген қызығушылығын арттыра түседі делінген хабарламада. Қазақстан даму банкінің басты іс-қызметі - ел экономикасының нақты секторын орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру болып табылатыны белгілі. Бұл ретте банк өзінің жарғылық қорын несиелік операцияларды қаржыландыру мақсатында пайдалана алмайды. Осыған байланысты банктің несиелік қоржынының қайнар көздері тек республикалық және жергілікті бюджеттерден алған несиеден, немесе ішкі және сыртқы несиелік капитал рыногінен тартқан несиелерден ғана құралады. Сөйтіп, Қазастан даму банкі қаржылық агенттік деген мәртебеге ие болып, банк облигациясын сатып алушылардың салықтан босатылуы несиелер құнын арзандатып қана қоймай, Банктің жобаларды қаржыландыру ставкасын төмендетуге жағдай жасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть