«Біз 1,5 жылда алқа билердің тізімі кейде заң талабына сай жасалмайтынын анықтадық. Сол себепті біз әкімдіктердің жанында алқа билердің тізімін жасаумен айналысатын, тұрақты жұмыс істейтін арнаулы уәкілетті орган құруды ұсынамыз», — деді ол.
А.Смолиннің айтуынша, қазір алқа би болудан үміткерлердің үш тізімі жасалуда: біртұтас (аудандар мен облыстардың), қосалқы (облыстық маңызы бар қалалардың) және қосымша тізім. «Біз егер арнаулы уәкілетті орган жұмыс істесе, екі тізім жеткілікті деп ойлаймыз», — деді ол.
Сонымен бірге ол «сот бір кәсіби судья мен 10 алқа биден құрылғаны жөн деген ұсыныс айттық»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті