Компания қызметкерлерi өрт туралы дабыл шамамен сағат 16.00 кезiнде берiлгенін айтты.
Қазiр өрт сөндiрушiлер жалынды түгел ауыздықтаған. Алайда, өрттiң салдары толық жойылған жоқ, сондықтан, қызметкерлер әзiрге далада тұр.
Ал, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментiнiң хабарлауынша, өрт туралы қоңырау сағат 16.18-де шалынған.
"Өрт сөндiру жұмыстары әлi аяқталған жоқ, халықты далаға шығарып жатырмыз. Қызыл жалынды ауыздықтауға 15 техника тартылды. Өрт сөндiрушiлер ғимараттың жетiншi қабатының сыртқы қаптамасы өртенгенiн анықтады. Өрт туралы бiзге сағат 16.18-де хабар келіп түсті", — делiнген ТЖД баспасөз қызметi берген ақпаратта.