Жарияланды: 440

ҚТЖ ғимаратындағы өрт 12 минут ішінде ауыздықталды

ҚТЖ ғимаратындағы өрт 12 минут ішінде ауыздықталды

"Қазақстан темiр жолы" компаниясының ғимаратындағы өрт небары 7 минутқа созылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметi хабарлады.

Ал, өрт сөндiрушiлер жалын мен түтiндi  12-15 минут iшiнде толық ауыздықтаған.

Өрт жылыту маусымына дайындық аясында жетiншi қабаттың шатыры мен ғимарат сыртында жүргiзiлген жөндеу жұмыстары салдарынан пайда болған.

"Өрт туралы ақпарат сағат 16.18-де келiп түстi. Мұндай мекемеде, яғни, үшiншi рангта өрт болды десе, бүкiл горнизон өрт болған жерге аттануға мiндеттi. Бiз оқиға орнына келiп, жағдайды бақылаған соң, сегiз техниканы - төрт өрт сөндiрушi машина мен төрт сатысы бар машинаны  қалдырдық. 12 минут iшiнде жалынды толық ауыздықтадық. Қазiр ешқандай қауiп жоқ, өрттi толық сөндiрдiк. Өрт, алдын ала болжам бойынша, ғимараттың жетiншi қабатының сыртында жүргiзiлген шатырды жөндеу жұмыстары себепті орын алған. Зардап шеккендер жоқ. «Қазақстан темiр жолы» компаниясының осы ғимаратында 1800 адам отырады, оның мыңға жуығы бiз келгенше сыртқа шыққан, қалғанын бiз эвакуацияладық", - дедi оқиға орнында журналистерге түсiнiктеме берген Астана қалалық ТЖД Өрт сөндiру қызметi басшысының орынбасары Серiкхан Тұраров.

Қазiр компания қызметкерлерiнiң барлығы ғимаратқа кiрдi.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін