Қуат көздерін сақтау арқылы Қазақстанда шығарылатын қуаттың 25% 30% үнемдеуге болады - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат көздерін сақтау  арқылы Қазақстанда шығарылатын қуаттың 25% 30%  үнемдеуге болады - сарапшы

Қуат көздерін сақтау арқылы Қазақстанда шығарылатын қуаттың 25% 30% үнемдеуге болады - сарапшы

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қуат көздерін сақтау жөнінде қабылданған бағдарламалар Қазақстанды өндірілетін қуаттың 25 - 30% үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне сұхбат берген Қазақстанның инженер-энергетиктер одағының президенті Герман Трофимов айтты.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Егер біз қуат көздерін сақтау мәселесімен дұрыстап айналысатын болсақ, онда тұтынылатын барлық қуат көздерінің ресурстарын 25-30% төмендете алатын боламыз. Бұл ел экономикасына әсіресе тиімді», — деді сұхбат кезінде Г. Трофимов.

Сарапшы атап өткеніндей, Қазақстандағы электр қуатының үштен бір бөлігі өндіріс кезінде, оны тарату және жіберу барысында ысырапталады. Оның сөздері бойынша, электр қуатын үнемдеу арқылы елдегі қуат тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік туады.

«Жаңа электр қуаты станциясының салынуына құйылған қаржыдан, қуат көздерін үнемдеуге жұмсалған қаржыдан 3-5 есе пайда түседі», — деп мәлімдеді сарапшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті