"АрселорМиттал Теміртау" профильді емес бірқатар бөлімшелерді аутсорсингке бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" профильді емес бірқатар бөлімшелерді аутсорсингке бермек

"АрселорМиттал Теміртау" профильді емес бірқатар бөлімшелерді аутсорсингке бермек

–"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шығындарды азайту үшін компанияның бірқатар бөлімшелері мен цехтарын аутсорсингке бермек.

  • 10 Наурыз 2015
  • 916
Фото - Caravan.kz

"Нысандарды аутсорсер-кәсіпорындарға берудегі мақсат, ақша үнемдеу. Оның үстіне ол бөлімшелердің жұмысы компанияның негізгі жұмысы емес. Ол бөлімшелерде шамамен 500 қызметкер жұмыс істейді, олар жұмыссыз қалмайды”, деп хабарлады баспасөз мәслихатында компанияның еңбек ресурстары және еңбек қатынастары жөніндегі директоры Дмитрий Павлов.
Оның айтуынша, аутсорсингке домна цехының қоқыс өңдеуші цехы, газ толтырушы станция, автоцех және басқа да кәсіпорындар берілмек.
Д.Павлов атап өткендей, тендер өткізу туралы жария етілген.
2014 жылы компания аутсорсингке ағаш жинау цехын, "Шахтер" демалыс үйін, "Жартас" санаторийін, металлургиялық комбинаттың күзетін шығарған.
"Онда екі мыңдай адам істеген, бәрі де жаңа жұмыс берушімен еңбек келісімдерін реттеп, ойдағыдай жұмыс істеп жатыр”, деді ол.