"Самұрық-Қазына" ForteBank акционерлерінің құрамынан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самұрық-Қазына" ForteBank акционерлерінің құрамынан шықты

"Самұрық-Қазына" ForteBank акционерлерінің құрамынан шықты

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры "ForteBank" АҚ-да өзіне тиесілі 6,955 млн жай акция мен 1,335 млн артықшылықты акцияны ForteBank-тің ірі акционері Болат Өтемұратовтың пайдасына басыбайлы берді, делінген Kase сайтында.

  • 17 Наурыз 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz


Мәміле нәтижесінде "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры "ForteBank" АҚ акционерлерінің құрамынан толықтай шықты.
Алдында хабарланғандай, "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры "ForteBank" АҚ-да өзіне тиесілі 6,955 млн жай акция мен 1,335 млн артықшылықты акцияны ForteBank-тің ірі акционері, бизнесмен Болат Өтемұратовқа 4,75 млрд теңгеге сатуды жоспарлаған.
2014 жылы желтоқсанда Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитеті Альянс Банк, Темірбанк және ForteBank-ті ерікті түрде қайта құруға рұқсат еткен болатын.