Жарияланды: 380

"Союз-ТМА-18М" кемесі жұмада Халықаралық ғарыш станциясына жетеді

"Союз-ТМА-18М" кемесі жұмада Халықаралық ғарыш станциясына жетеді

2-қыркүйек күні Байқоңырдан ұшырылған және экипажы құрамында ресейлік Сергей Волков, қазақстандық Айдын Айымбетов ,

   датчандық азамат Андреас Могенсен отырған "Союз-ТМА-18М" кемесі жұмада Халықаралық ғарыш станциясына жетеді, деп хабарлады ұшуларды басқару орталығының баспасөз қызметінен.

"Союза ТМА-18М" ХКС-ның ресейлік сегментінің кіші зерттеу модуліне (МИМ2) 4 қыркүйек күні ұшудың 35-ші орамында мәскеулік сағат 10:42-те түйісуге тиіс, деп хабарлады ҰБО өкілі.
Люк ашу және "Союза"-ден ХКС-на өту жұмыстары мәскеулік сағат 13:20- 14:00-қа жоспарланған, алдында түйісетін түйіннің герметикалығы әбден тексерілетін болады.
"Союз ТМА-18М" кемесі ХКС-на екі тәуліктік жүйе бойынша жақындаспақ. ХКС барар жолда "Союз-ТМА-18М" 1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранның фрагментін айналып өтті.
Енді ХКС экипаждағы адам саны тоғыз адамға дейін артпақ, ұшу алдында С.Волков атап өткендей, экипаждағы адам саны көбейсе, де оларды орналастыру қиынға соқпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін