Жарияланды: 420

Құрбан Айтта шалынатын мал құны екі есеге көтерілді

Алматыда мал бағасы қымбаттады! Ертеңгі қасиетті мереке Құрбан Айтта шалынатын аша тұяқтылардың құны әдеттегіден екі есеге көтерілді. Десе де  көпшілік бес парыздың бірін өтеу үшін бұған да көніп отыр. 

- 40-қа бола ма?

- 40-қа болмайды! 43 санашы, 43-ке беремін!

- Жарайды!

- Таза 43-ке беремін.

Үш күнге жалғасатын дәл осы Құрбан айтта мал сатушылардың саудасы қыза түсетін кез. Мәселен, дағдылы күндері жақсы қойдың бағасы 20 мыңнан аспайды, ал бұл күндері 40 мыңнан саудаланып жатыр. Ірі қара үшін кемі 50 мың, түйеге ең төменгі баға 400 мың теңге. Айта кетейік, құрбандыққа қой, сиыр, түйе секілді малдың барлығы жарамды. Тек дене мүшелері түгел, қоңды болуы шарт. Биылғы мұсылмандар мейрамы қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін