Құрылыс саласына 1,5 млрд. доллар құйылды - Альберт Рау - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс саласына 1,5 млрд. доллар құйылды - Альберт Рау

Құрылыс саласына 1,5 млрд. доллар құйылды - Альберт Рау

Өткен бесжылдықта 200 жобаға 1,5 млрд. доллар инвестиция салынды. Бұл туралы бүгiн құрылыс саласының Бiрiншi Еуразиялық конгресiнде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Альберт Рау мәлiм еттi. 

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz

"Өткен бесжылдықта бiз 200 жобаға 1,5 млрд. доллар инвестиция құйдық. Құрылыс индустриясына инвестициялайтын адамдар өз елдерiнiң патриоттары, олар ұлттық экономиканың дамуына және өз өнiмдерi сұранысқа ие болатынына сенедi", — деп атап өттi ол. 

Вице-министрдiң айтуынша, бiрiншi бесжылдықта жалпы 20 млрд. доллар инвестиция салынған болса, оның 1,5 млрд. доллары құрылыс саласына бағытталды. 

"Барлық жолдарды, метро және өзге де салаларды санағанда — бұл жаман көрсеткiш емес. Екiншi бесжылдықта 14 сектор анықталды. Барлығы — 6 сала. Мемлекет басшысы атап көрсеткенiндей, оның iшiнде құрылыс саласы үлкен маңызға ие. Бiзге жаңа буын өнiмдер қажет. Жасыл технологиялар қолданылуы тиiс", — дейдi А.Рау.

Бiрiншi бесжылдықта құрылыс саласының дамуы жақсы қарқын көрсеттi. Өнеркәсiп өндiрiсi қаржы көлемi бойынша 1,5 есеге артты. Жалпы қосымша құн көлемi 1,5 есеге өскен. Құрылыс саласындағы отандық материалдардың үлесi биыл жыл соңына дейiн 74-75 пайызға жетедi деп күтiлуде.