Құрылысшылар қауымдастығы жаңа тұрғын үйдің бағасын теңгемен белгілемек
![]() |
Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының мүшелері тұрғын үй салу мен сатуда төлем құралы немесе эквивалент ретіндегі доллардан бас тарту туралы шешім қабылдады, |
делінген қауымдастықтың баспасөз хабарламасында.
Тұрғы үй құрылысында доллардан бас тарту туралы шешім қауымдастық кеңесі отырысының нәтижелері бойынша қабылданды.
"Енді жаңа үйдің бағасын ұлттық валютада ғана белгілейміз, рыноктың басқа да қатысушыларынан соны талап етеміз», деді қауымдастық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
Оның айтуынша, қауымдастық құрылыс материалдарын жеткізушілермен арадағы қарым-қатынасты қайта қарамақ, ондағы мақсат, оларды ұлттық валюта басымдығын арттыруға ынталандыру. Нәтижесінде бұл инфляциялық таргеттеуге, материалдың өзіндік құны мен үйдің бір шаршы метрінің бағасын ырықтандыруға ықпал етпек.
«Қауымдастық риэлторларға, кәсіби бірлестіктерге, жылжымайтын мүлік нарығындағы басқа да мүдделі ұйымдарға үйді доллармен бағалаудан бас тартып, ұлттық валютаға басымдық беруді ұсынады» ,деді қауымдастықтың атқарушы директоры Аслан Түкиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін