Құтқарушылар А320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден алғашқы мүрделерді алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтқарушылар А320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден алғашқы мүрделерді алып шықты

Құтқарушылар А320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден алғашқы мүрделерді алып шықты

 Құтқарушылар сәрсенбі күні кешке Франциядағы Альпі тауында Germanwings  әуе компаниясының А320 жолаушылар лайнерінің апатқа ұшыраған жерінен алғашқы мүрделерді алып шықты, деп жазады ТАСС.

  • 26 Наурыз 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы немістің DPA агенттігіне Франция полициясының өкілі хабарлаған. Ол құтқарушылар қанша адамның мәйітін жеткізгендерін айтпады.

Барселона-Дюссельдорф бағытымен ұшқан А320 лайнері сейсенбі күні Прованстағы Альп тауының Труа-Эвеше сілеміндегі Эстроп шыңы маңында апатқа ұшыраған. 144 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза тапты. Көз жұмғандардың көбі Германия және Испания азаматтары.