Жарияланды: 900

Қымыз бен қазы жұмыс іс­теу қабілетімізді арттырып, ­шар­ша­ғанымызды басатыны­на сенім­дімін - Айдын Айымбетов

Қымыз бен қазы жұмыс іс­теу қабілетімізді арттырып, ­шар­ша­ғанымызды басатыны­на сенім­дімін - Айдын Айымбетов

Қазақтың қазысы мен қымызы - ғарышта, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» басылымы.

Ғарыш экспедициясына арнап Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары азықтық және биологиялық құндылығы, әрі медициналық-биологиялық қасиеттері жоғары бие сүті мен жылқы майының негізінде қазақтың ұлттық мәзірінің арнайы дайындалған өнімдерін әзірлеген болатын. «Дастарқан» деп аталатын бұл ұлттық тағам кешенін А.Айымбетов өзімен бірге Халықаралық ғарыш стансасына алып барды.

«Бірінші тағам - қатырылған түрдегі қазақтың «ет тағамы». Салмақсыздық жағдайында тамақтану үйреншікті іс емес. Ет дәмді, бірақ құрғақ. Сорпа жетіспейді», - деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына. «Ғарыш стансасында экипаж мүшелері қазақстандық өнімді сынақтан өткізеді. Бұл тағамдардың жұмыс істеу қабілетімізді арттырып, шаршағанымызды басатынына сенімдімін», - дейді қазақ ғарышкері. Қазақстандық өнімдердің Халықаралық ғарыш стансасында ғарышкерлер пайдаланатын тағамдардың қатарына енуі әбден мүмкін. Қазақтың ұлттық тағамының дәмін татқан ресейлік ғарышкер Сергей Волков та өз пікірімен бөлісті. «Барлығы өте дәмді болды, пакеттелген қымызды көріп, ерекше таң қалдық. Халықаралық ғарыш стансасының бортында тағам түрлері көп емес, сондықтан да Айдын Айымбетовтің алып келген «Дастарқан» қазақстандық тағам кешені экипаждың күнделікті асына үйлесімді қосымша болып отыр», - дейді ғарышкер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін