"Мен 2002 жылы айтқанмын, маған бірдеңе бола қалса, менің органдарым трансплантологияда пайдаланылуға тиіс", деді Т.Батыралиев бейсенбіде "Вечерний Бишкек" газетінің интернат-порталындағы сұхбатында.
Министрдің айтуынша, азаматтар одан үлгі алуға тиіс. "Күнде біздің азаматтарымыз жол апатынан қаза болып жатады, ал егер мәйіт органдарды ауыстыру мүмкін болса, онда оны игі мақсат үшін жұмсауға болар еді", деді ол.
Т.Батыралиев өзі ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келген Түркияны мысалға келтірді. Оның айтуынша, ол елде орган ауыстыру қарапайым ауруханада жүзеге асырылады, онда органға мұқтаж және оны туысқанынан ала алмайтын адамдар туралы мәліметтер жинақталған.
Т.Батыралиев денсаулық сақтау министрі болып қараша айының басында тағайындалды, 19-қараша күні республика парламентінде ант берді.