Қырғыз -қазақ шекарасында Қазақстан азаматы атылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз -қазақ шекарасында Қазақстан азаматы атылды

Қырғыз -қазақ шекарасында Қазақстан азаматы атылды

Бішкек. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз -қазақ шекарасынан заңсыз өтуге жасалған әрекет кезінде Қазақстан азаматы атылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ІІМ-іне сілтеме жасап.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Қарасу өзені маңында 2007 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстанның Шекара қызметінің әскерилері шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматын табельдік қарумен атып өлтірді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бұзушыға қарсы табельдік қаруды қолдануға оның шекарашылардың талабына бағынудан бас тартуы себеп болған. Сөйтіп, Қордай ауданының Қарасу ауылының 34 жастағы тұрғыны қаза тапты.

Жамбыл облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі ауданаралық бөлімі қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ауыл тұрғыны Қырғызстаннан Қазақстанға күнделікті тұтыным тауарларын контрабандалық жолмен тасымалдаумен шұғылданған.

Қазақстан Республикасы Жамбыл облыстық ІІД тергеу бөлімдері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті