Қырғызстан президенті оппозицияны сындарлы болуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті оппозицияны сындарлы болуға шақырды

Қырғызстан президенті оппозицияны сындарлы болуға шақырды

Бішкек. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыстан президенті Құрманбек Бакиев республика оппозициясын сындарлы болуға шақырды. Бұл жөнінде мемлекет басшысы бейсенбі күні тікелей эфирден республика тұрғындарының сауалдарына берген жауабында айтты.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 780
Фото - Caravan.kz

«Оппозиция болу керек, олар бар және болады да, бірақ мен сындарлы оппозиция болу керек деген пікірдемін», — деді Қ. Бакиев.

Мемлекет басшысының пікірінше, оппозиция министрлердің көлеңкелі кабинеттерін құрып, мемлекет саясатындағы маңызды мәселелер бойынша өздерінің шешімдерін билікке ұсынулары керек.

«Оппозиция конституцияға қарсы шығып, күшпен ғимараттарды тартып алуға шақырса, ол қандай оппозиция? Бұл басқа нәрсені меңзейді», — деді президент.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, ол басқа көзқарастағы пікірлерді құптайды.

«Менімен бірге қызмет істегендер, менің ойымен келіспегендер адамдардың артына түспейтіндігімді біледі», — деп ойын жалғастырды Қ. Бакиев.

Мемлекет басшысы тұрғындарды 16 желтоқсанда болатын сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Президент атап өткеніндей, ол- өзінің ісін білетін адамдар кірген «Ақ Жол» партиясын қолдайтынын жеткізді.

«Бізге бос уәде мен сын айтатын партиялардан бұрын, іс жасайтын партия керек «, — деп мәлімдеді Қ. Бакиев.

Тікелей эфир кезінде президентке 3 мыңнан астам республика тұрғындарынан сауал келіп түсті. Президент айтқанындай, тікелей эфир кезінде келіп түскен барлық сауалдарға, хат арқылы жауап жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті