Қырғызстан президенті Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан жеделхат жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан жеделхат жіберді

Қырғызстан президенті Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан жеделхат жіберді

Бішкек. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қарағанды облысының Абай шахтасында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқан жеделхат жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды облысының Абай шахтасында 11-қаңтар күні болған апат садарынан 30 кеншінің қайтыс болғаны жөніндегі хабарды аса өкінішпен қабылдадым. Қырғызстан халқы өздерінің туғандары мен жақындарын жоғалтқан туыстардың қайғысына ортақтасып көңіл айтады», — деп көрсеткен жолдау мәтінін баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 11-қаңтар күні 9.20-да «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Абай шахтасында метан жарылысы оболды. Осы кезде шахтада 191 адам болған. Қазіргі уақытта 14 адам Қарағанды мен Абай ауылының ауруханаларында емделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті