Қырғызстан Республикасындағы парламент сайлауы қолданыстағы заң аясында өтті - ТМД бақылаушылары - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Республикасындағы парламент сайлауы қолданыстағы заң аясында өтті - ТМД бақылаушылары

Қырғызстан Республикасындағы парламент сайлауы қолданыстағы заң аясында өтті - ТМД бақылаушылары

Бішкек. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы кезектен тыс парламент сайлауы қолданыстағы заң аясында өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД тәуелсіз бақылаушыларына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Құрамында 140 адам жұмыс істеген және Қырғызстанның барлық аймағындағы 1230 жергілікті сайлау бөлімшелеріне бақылау жасаған біздің тұжырымымыз осындай», — деді баспасөз мәслихатында ТМД бақылаушылар миссиясының жетекшісі Евгений Новожилов. «Бұл тұжырым тек өз бақылауымызға негізделген. Қырғызстан Республикасында кезектен тыс парламент сайлауына дайындалу және оны өткізу барысында біз республиканың ішкі істеріне араласпау қағидасын ұстандық», — деп атап көрсетті ол.

Евгений Новожиловтың айтуынша, парламент сайлауына дайындалу және оны өткізу барысында анықталған заң бұзушылықтар жаппай сипатқа ие болмаған және азаматтардың таңдауына әсерін тигізбеген. «Сайлау еркін өтті», — деді миссия жетекшісі.

Евгений Новожилов олқылықтар қатарына кейбір сайлау бөлімшелерінде партиялар туралы ақпараттық парақшалардың болмауын жатқызды. Ол сондай-ақ, көптеген сайлау бөлімшелерінде орын алған сайлаушылар аты-жөнінің дауыс берушілер тізімінде болмауы жөнінде хабарлады.

«Азаматтар өздерін сайлаушылар тізіміне тек сот арқылы ғана енгізе алу мүмкіншілігі өте қиын және ыңғайсыз іс болды. Бұл әсіресе, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ауыр тиді. Бұл норманы түзету қажет секілді. Бұл мәселемен жаңа парламент айналысады», — деді Евгений Новожилов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті