Қырғызстанда 600 -ден астам халықаралық байқаушы сайлау барысын бақылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 600 -ден астам халықаралық байқаушы сайлау барысын бақылайды

Қырғызстанда 600 -ден астам халықаралық байқаушы сайлау барысын бақылайды

Бішкек. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 600 -ден астам халықаралық байқаушы мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауының барысын бақылайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық байқаушылар құрамына ТМД елдерінің Орталық сайлау комиссияларының, ТМД байқаушылары миссиясының, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының, ШЫҰ миссиясының, Қырғыз Республикасындағы басқа да халықаралық ұйымдар мен түрлі елшіліктердің өкілдері енген», -деп хабарлайды Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы.

Халықаралық байқаушылармен қатар дауыс беру барысын саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қадағалайды. Қырғызстанда халықаралық байқаушыларды аккредитациялау 12-желтоқсан, сәрсенбіде аяқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы 16 желтоқсан, жексенбіде өтеді. Республикада тіркелген 100-ден астам саяси партияның 12-сі сайлауға қатысуда. Қырғызстанның саясаттанушыларының басым бөлігі президентті жақтаушы «Ақ Жол» партиясы даусыз жеңеді деп болжайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті