Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге қаржы жоқ
![]() |
Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева Парламенттің президент сайлауы туралы заңды қабылдауының созылып кетуі сайлау өткізетін қаражат тапшылығына ғана байланысты екенін мәлімдеді. |
Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
"Алған құжатта бұған 500 миллион сом (10 миллион $-дан астам) бөлу қаралған, мұндай сомаға ел бюджетінің шамасы жетпейді", - дейді Р.Отынбаева.
Ол донор елдерге жүгінуге тура келетінін айтты.
Р.Отынбаева президент сайлауының белгіленген мерзімде өткенін жақтайтынын атап өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін