Қырғызстанда Құмтөр кеніші жөніндегі жаңа келісім шарт парламенттің популизмдігінің салдарынан бекітелмей қалды - Бакиев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Құмтөр кеніші жөніндегі жаңа келісім шарт парламенттің популизмдігінің салдарынан бекітелмей қалды - Бакиев

Қырғызстанда Құмтөр кеніші жөніндегі жаңа келісім шарт парламенттің популизмдігінің салдарынан бекітелмей қалды - Бакиев

Бішкек. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Құмтөр алтын кеніші жөніндегі жаңа келісім шарт парламенттің популизмдігінің салдарынан бекітелмей қалды. Бұл туралы мемлекет басшысы бейсенбіде, 13-желтоқсанда тікелей эфир арқылы республика тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

Президент, республикадағы Құмтөр ірі кешеніне қатысты жаңа келісім-шарт үстіміздегі жылдың жазында алтын өндіретін компаниялардың өкілдерімен жүргізілген ұзақ келіссөздер нәтижесінде дайындалғандығын, атап көрсетті.

«Келісім шарттың қайта өңдеулерді ескере отырып дайындалған соңғы нұсқасы нақты болатын, өкінішке орай парламент оны қолдамады»,- деп атап өтті Қ. Бакиев. Мемлекет басшысы, үкімет пен алтын өндіруші компания арасындағы жаңа келісім шарт бекітілген жағдайда Қырғызстанның үлесі екі есеге — 16-дан 32 пайызға дейін өсер еді, сондай-ақ бюджетке түсетін салық түсімдерінің де өсуіне себерші болар еді, деп атап көрсетті.

Сонымен қатар Ыстық Көл облысының әлеуметтік дамуына да қаржылай табыс түсер еді. Тікелей эфир барысында Қ. Бакиев сондай-ақ, елдің гидроэнергетикадағы әлеуеттілігіне қарамастан Қамбарата СЭС құрылысының кешеуілдеуі елде электр қуатының жетіспеушілігіне әкеп соқтыратындығын мәлім етті. Президенттің айтуынша, бұған құрылғылардың тозу себеп болып отыр, ол әсіресе Қырғызстанның электр қуатын тарату компанияларында байқалып отыр.

«Біз егер алдағы жылдары Қамбарата СЭС құрылысын жылдамдатпасақ, онда біз электр қуатының жетіспеушілігіне тап болуымыз мүмкін, сондықтан да Қамабарата СЭС-2 құрылыс аяқтауға асығудамыз»,- деп түсіндірді Қ. Бакиев. Мемлекет басшысы, республикадағы зейнетақыны көтеру деңгейінің өте төмен болып отырғандығын мойындады. Президенттің айтуынша, зейнетақыны небәрі 10 пайызға көтеру қарттардың жағдайын жақсартуға көп себеп бола алмайды. «Заңнамалық базаны дайындап, жинақтау жүйесіне көшу керек»,- деп қосты Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті