Қырғызстанда теракт жасамақ болған ДАИШ мүшесі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда теракт жасамақ болған ДАИШ мүшесі ұсталды

Қырғызстанда теракт жасамақ болған ДАИШ мүшесі ұсталды

Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бейсенбіде лаңкестік ұйымдастыруға дайындалып жатқан ДАИШ ("Ислам мемлекеті") мүшесін ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

  • 7 Қыркүйек 2017
  • 290
Фото - Caravan.kz

"Қырғызстан Республикасының МҰҚК контртеррорлық шаралар барысында халықаралық террорлық ұйымдардың диверсиялық террорлық топтарды анықтау және жолын кесу мақсатында "Ислам мемлекеті" белсенді мүшесі, ел азаматы, 1988 жылғы "Д.С" ұсталды", — делінген ведомство хабарламасында. 

Тергеу нұсқасы бойынша, исламист лаңкес мемлекеттік маңызы бар шара кезінде лаңкестік ұйымдастыруға дайындалып жүрген. Тінту барысында одан қолдан жасалған жарылғыш заттар табылды.

"Ұсталған азамат МҰҚК уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр", — деді ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер. 


 

Соңғы жаңалықтар