Қырғызстанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі 40 пайыздан асып жығылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі 40 пайыздан асып жығылады

Қырғызстанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі 40 пайыздан асып жығылады

Бішкек. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі өткен жылғы көрсеткішпен салысытырғанда 40 пайыздан асып жығылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып. "Үстіміздегі жылдың қаңтар - қазан айларында мемлекеттік бюджеттің кірісі 27,7 млрд сомды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 41,1 пайызға өскен. Жалпы ішкі өнімнің жалпы кіріс үлесі 24,2 пайызды құрап, 3,0 пайызға өскен",- деп хабарлады бүгін Қырғызстан Республикасының баспасөз қызметінен.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 538
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, республика кірісіндегі негізгі үлес мемлекеттік қазынаны толтырудың басты көзі болып табылатын салық кірісіне тиесілі. Салық кірісінің жалпы көлемі 21,3 млрд сомды құрап, ал номиналдық өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,8 пайызды немесе 5,5 млрд сомды құраған. Жалпы ішкі өнімнің салық кірісінің үлесі 1,6 пайыздық пунктке өсіп, 18,6 пайызды құраған. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік кеден жинағы комитеті салық және төлем ретінде 11,8 млрд сом жинаған, өсу қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда 137,7 пайызды немесе 3,2 млрд сомды құраған. Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік салық және жинақ комитеті 9,5 млрд сом жинаған (31,3 пайызға немесе 2,3 млрд сомға артық).

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің салықтан тыс кіріс көлемі 5,9 млрд сомға жеткен, бұл 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60,9 пайызға немесе абсолюттік есепте 2,2 млрд сомға артық. Үстіміздегі жылдың қаңтар — қазан айларындағы гранттар түсімі 544 млн сомды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті