Қырғызстанда Ж. Назаралиев сайлауалды додасынан өз кандидатурасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Ж. Назаралиев сайлауалды додасынан өз кандидатурасын алды

Қырғызстанда Ж. Назаралиев сайлауалды додасынан өз кандидатурасын алды

Бішкек. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда белгілі саяси және қоғам қайраткері Женишбек Назаралиев республика парламентіне сайлауалды додасынан өз кандидатурасын алды . Бұл туралы ол кеше өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Осы жолғы парламент сайлауының сценарийін билік алдын ала жазып қойған, яғни, нәтижесі айқын», — деді Ж. Назаралиев.

Өзінің сайлау алдындағы додаға қатысудан бас тарту себебін Ж. Назаралиев «биліктің таңған ойын ережесімен ойнағысы келмейтінімен» түсіндірді. Осы орайда ол отандастарын ұсынылып отырған бір де бір партия үшін дауыс бермеуге шақырды.

Сонымен бірге, оның пікірінше, алдағы парламент сайлауының нәтижесі қолдан жасалады.

«Артынан ұтылып қалу үшін сайлау науқанына қаражат шығау ақымақтық болар еді», — деп мәлімдеді Ж. Назаралиев.

Женишбек Назаралиев -Қырғызстандағы танымал саяси және қоғам қайраткері, есірткіге тәуелділерді емдеудің бірегей әдістемесінің авторы. Ол «Асаба» атты саяси партиядан өз атын ұсынған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы Қырғызстанда 16 желтоқсан, жексенбіге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті