Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде жер қойнауына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде жер қойнауына берілді

Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде жер қойнауына берілді

Бішкек. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенбі күні жергілікті уақытпен 15 сағат 15 минутта Бішкек қаласының маңындағы "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде Шыңғыс Айтматов жерленді. Жерлеу рәсімінде Исламның барлық шарттары сақталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

Ш. Айтматовты жерлеуге жазушының туыстары мен жақындары, елдің жоғарғы басшылығы, Қазақстан, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Әзербайжан мен Татарстаннан келген делегациялар қатысты. Ең үлкен Қазақстан делегациясына ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев жетекшілік жасады. Сонымен қатар, Қырғызстанның халық жазушысын соңғы сапарға шығарып салуға оның шығармашылығының екі мыңнан астам оқырманы келді. Жазушымен қоштасуға ниет білдіргендер таң сәріден бастап Ұлттық филармония ғимаратына жинала бастады. Содан кейін Ш. Айтматов бойынша еске алу митингісі болып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті