Қырғызстанның көшкінге қарсы күрес қызметі өзінің жұмыс сапасын төмендетіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның көшкінге қарсы күрес қызметі өзінің жұмыс сапасын төмендетіп алды

Қырғызстанның көшкінге қарсы күрес қызметі өзінің жұмыс сапасын төмендетіп алды

Бішкек. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның көшкінге қарсы күрес қызметі өзінің жұмыс сапасын төмендетіп алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан көшкін қаупіне қатысты ахуал туралы тиісті дәрежеде бағалай және болжай алмайды, бұл көшкінге қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық және мамандар әлеуетінің біршама төмендеуіне байланысты», -деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің Қырғызгидромет өкілдері.

Мекеме өкілдерінің сөзіне қарағанда, жалақының төмендігі, қазіргі заманғы жабдықтардың жоқтығы бұл құрылымнан тәжірибелі мамандардың кетіп қалуына түрткі болды, қызметті жас мамандармен қамтамасыз етудің өзектілігі артты.

Қырғызгидрометтің хабарлауынша, елдегі көшкінді қадағалау көп жылдан бері небәрі үш станцияда ғана жүзеге асырылуда, Олардың екеуі Бішкек — Ош тас жолының бойында орналасқан. Ал Қырғызстанда 10 мыңнан астам көшкін қаупі бар жерлер тікелген, бұл маңда жолдар мен елдімекендерге қар көшкіні түсуіне байланысты төтенше жағдай болмаған жыл кемде-кем.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті