Қырғызстанның мұсылман әйелдері төлқұжат суретіне орамалмен түсу құқығына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның мұсылман әйелдері  төлқұжат суретіне орамалмен түсу құқығына ие болды

Қырғызстанның мұсылман әйелдері төлқұжат суретіне орамалмен түсу құқығына ие болды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. БІШКЕК. Қырғызстанның мұсылман әйелдері төлқұжат суретіне орамалмен түсу құқығына ие болды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Мутакалим" қоғамдық қорының жетекшісі Фронтбекқызы Жамал мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 466
Фото - Caravan.kz



«Жаңа ережеге сәйкес, суретке бет пішінін жаппайтын бас киіммен түсуге болады»,- деп атап көрсетті Фронтбекқызы Жамал. Оның түсіндіруінше, «бұл діни сенімінде бөтен адамға орамалсыз көрінуге жол бермейтін азаматтар үшін рұқсат етілген». Фронтбекқызы Жамалдың айтуынша, республиканың мұсылман әйелдері бұл мәселені 4 жылдан бері қозғап келеді. Қоғамдық қордың белсенділері бұл бастаманы қолдау үшін 45 мың қол жинаған.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтарында републиканың мұсылман әйелдеріне ресми құжаттың суретіне орамалмен түсу мүмкіндігін беру туралы мәселені қарайтын мекемеаралық комиссия құрылған. Комиссияның құрамына Қырғызстанның Ақпараттық ресурстары мен технологиясы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері кірген болатын.