Жарияланды: 310

Қыркүйек айында еліміздегі орташа жалақы 8,6% өсті

2012 жылдың қыркүйегінде Қақстандағы орташа жалақы 99 мың 804 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың тамызымен салыстырғанда 8,6% артық, деп хабарлайды Статистика агенттігі.

Салалық тұрғыдан алғанда, ең жоғарғы жалақы кен-өндіру және кеніштерді игері өнеркәсібінің еншісінде. Бұл сала қызметкерлері 188 мың 600 теңге айлық алады. Кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет саласы мамандарына 192 мың 900 теңге, қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлеріне - 166 мың 400 теңге төленеді. Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. Олардың қолына 61 мың 600 теңге тиеді. Бұл орташа республикалық деңгейден 38,3% кем. Аймақтық тұрғыдан алып қарасақ, ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында (181 мың 500 теңге). Бұл орташа республикалық деңгейден 1,8 есе артық. Ал, Жамбыл облысында ең жоғарғы жалақы 70 мың 400 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін