ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. Төртжылдықтың басты додасында бас жүлде жеңіп алған спортшыға 250 мың АҚШ доллары, күміске қол жеткізген спортшыға 150 мың АҚШ доллары және қола жүлдегер атанған спортшыға 75 мың АҚШ доллары көлемінде мемлекет қазынасынан арнайы сыйақы қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.