Жарияланды: 630

Қытай Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне инвестициялар мен туристерді тарта алады

Қытай Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне инвестициялар мен туристерді тарта алады

Қытай өз елінің аумағында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерлетуге ықпал ететін болады.

Сәйкесті келісімге Пекинде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов және халықаралық саудаға ықпал ету жөніндегі қытайлық комитет (ККСМТ) жетекшісі Цзян Цзэнвэй қол қойды.
Қытайлық әріптестер Қазақстанға консультациялық, ақпараттық-сараптамалық және әдістемелік қолдау жасамақ. Аталмыш комитет ЭКСПО-2017 инвестиция тарту бойынша міндеттеме алып отыр, делінген ұлттық компанияның баспасөз қызметінен сәрсенбіде таралған ақпаратта.
ККСМТ "Recommended by EXPO" бағдарламасы бойынша ЭКСПО-2017 ресми әріптес ретінде қатыспақ.
Сонымен қатар "Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ мен ҚР ірі туроператоры China International Travel Service Limited (CITS) арасында ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін