Жарияланды: 470

Қытай автоөнеркәсібі Қазақстан нарығына шықпақ

Қытай автоөнеркәсібі Қазақстан нарығына шықпақ

Қытай өз автокөліктерін Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға экспорттаудың мол перспективасын көріп отыр.

Бұл туралы Бейжіңде 8-13 шілде аралығында өткен «Авто-Экспо» ІІ Қытай көрмесінде ҚазАқпарат тілшісіне Экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Еуропа қауымдастығының бас хатшысы У Хайюй әңгімелеп берді. У Хайюйдың айтуынша, бұл көрмеге Қытайдың 18 кәсіпорны шығаратын автокөліктердің 200-дей моделі қойылып отыр. Қытай автокөліктерінің экспортына тоқталған У.Хайюй, оларды Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға экспорттаудың мол перспективасы бар екенін атап көрсетті. «Қазақстан Орталық Азиядағы ірі нарық. Оған қоса, Қазақстан жақында құрылған Кеден одағының мүшесі. Қазақстандықтар қытай автоөнеркәсібімен жақсырақ танысуы үшін келесі жылы біз Қазақстанда автокөрме ұйымдастырмақпыз. Одан кейін бірлескен кәсіпорын құру жоспарымыз да бар», - деп атап көрсетті У Хайюй өз сөзінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін